Биыл 8,5 мың тонна балық өнімі экспортталды
Елімізде балық өңдеумен айналысатын 72 кәсіпорынның 18-і өнімін Еуропалық одаққа экспорттайды.
Жыл басынан бері 8,5 мың тонна өнім жөнелтілді. Ал былтырғы көрсеткіш 25 мың тоннадан асқан. Сала министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балықтың бағалы түрлерінің 54,8 млн дана шабақтарын өсіру және табиғи су айдындарына шығару көзделіп отыр. Ал жеке шаруашылықтар резервтік су айдындарына 4 млн-ға жуық тұқы түрін шығарады. Министр: «2030 жылға дейінгі бағдарлама қабылданғанына қарамастан сала серпінді дамып жатқан жоқ. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жұмысты күшейте түсу керек», – деді.