FITCH Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, деп хабарлайды 24kz.
Яғни, болжам «тұрақты» деп бағаланды. Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар қатарында ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер болып отыр. Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері жалпы ішкі өнімнің 38% баламасына жетті. Бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті. Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия секторларын дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды да ескерген. Агенттік кең ауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін де атап өтті.