Жамбыл облысында пияз алқабы екі есе азайды
Жамбылдық шаруалар пияз алқабының көлемін екі есе азайтты.
Былтыр 800 фермер 24 мың гектарға пияз ексе, биыл 600 шаруа соның жартысына өнім екті. Бұған былтырғы су тапшылығы мен күн райының қолайсыздығы себеп болыпты. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар алқап көлемі азайғанымен өнімділік артты деп отыр. Жауаптылар былтырғы жағдайдың алдын алу үшін, мемлекеттен берілетін тыңайтқыш пен субсидияны дер кезінде үлестірген. Оған қоса биылғы мол жауын-шашын да көкөністің ерте көктеуіне сеп болды. Соның есебінен шаруалар биыл 14 мың гектардан 800 мың тонна өнім алды. Жергілікті билік тауарды өткізу жағын да жолға қойдық, дейді. Екі айдың ішінде 160 мың тонна пияз экспортталған.
Әбдірасыл Желеубаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Экспортқа арналған баға өте жоғары. 65-70 тг-ден егістік алқаптан алып кетіп жатыр. Былтырдың өзінде 300 мың тоннаға жуық осы Ресей, Белорусия Қырғызстан елдеріне экспортталды. Оның басым көпшілігі осы Ресей еліне 200 мың тоннадан астам. Эстония, Грузия елдеріне де аз-аздан жіберіп отырмыз.