Елімізде өңдеу өнеркәсібі биыл 5,3% өсті

Елде жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі 5%-тен астам өсті, деп хабарлайды 24kz.

Экономика салаларындағы оң өзгерістер жайында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында баяндады. Сонымен металлургия саласында 7,2%, машина жасауда 7%-ке жуық өсім бар. Химия өнеркәсібінде 8,4%, фармацевтикада 20%-тен аса, тамақ өнімдерінің өндірісінде 2,1% өсім байқалды. Сондай-ақ металл бұйымдарын өндіру 29%-ке, жиһаз өндірісі 13%-ке жуық өсім көрсетті. Ал, кейбір салада өсім баяулаған. Мысалы, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістің өсімі 0,1%-ті ғана құрады. Бұл мұнай мен табиғи газ өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты. Құрылыс саласында өсім жоғары қарқынын сақтап, 18 өңірде оң динамика тіркелді.