Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы $3,3 млрд жетті
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы биыл 9 айдың ішінде 3,3 млрд долларға жетті. Соңғы төрт жылдағы рекордтық көрсеткіш туралы қазақ дипломаттары мен америкалық компаниялардың өкілдері және Қазақ-американ іскерлік кеңесі бас қосқан жиында кеңінен айтылды.
АҚШ-тың сауда палатасында өткен жиында екіжақты экономикалық байланысты тереңдету талқыланды. Логистика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар және энергетика салаларындағы инвестициялық әріптестікті жандандыруға ерекше назар аударылды. Еліміздің АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып берді. Америкалық компаниялардың өкілдері өз кезегінде орта дәліз аясындағы елдің көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін атап өтті.