О. Бектенов: Президент тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылданады

Үкімет Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл жайында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Ол Үкімет алдында экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндеті тұрғанын жеткізді.

«Біз сапалы жұмыс орындарын құруға, барлық өңірде шикізаттық емес салаларды дамытып, өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикаға ұмтыламыз», – деді. Бүгін Премьер-министр EXPO аумағындағы павильон-сфераға барып, цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев жасанды интеллект орталығы болатын бірыңғай цифрлық хаб құру жұмыстарының барысы жайында баяндады.