Депутаттар отандық өнім өндірушілерге қолдау жасалатынын жеткізді
Қызылордадағы механикалық зауыттың экспорттық әлеуетін арттыру керек. Ол үшін өндірісті жаңғырту маңызды. Мәжіліс депутаттары Анас Баққожаев пен Таңсәуле Серіков Қызылордадағы жұмыс сапары барасында кәсіпорын жұмысымен танысты.
Аумағы 5 мың шаршы метр болатын зауыт автоматтандырылған жүйе негізінде жұмыс істейді. 100-ден астам металл түрін өңдейтін станоктармен жабдықталған. Өнімнің 10%-ке жуығы сырт елдерге сатылады. Мұнда жасалатын құрал-жабдықтар еліміздегі гидронысандарды жаңалау үшін де қажет. Депутаттар кәсіпорын ұжымымен кездесуде өндіріс саласын өркендетуге серпін беретін жобаларға мемлекеттен қолдау болатынын жеткізді.
Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Одан бөлек, мына мекеменің ғимараты – кішкене бұрынғы кеңес дәуірінен қалған ғимарат. Қазіргі таңда өнімнің сапасына қарай қазіргі стандарттар бар. Соған сәйкес келу үшін модернизациядан өткізу керек. Демек бұл мекеменің осы жағдайын ескере отырып, тиісті ұсыныстарды біз дайындап беруіміз керек. Негізгі мақсатымыз осы.