Junior Eurovision 2021: Дауыс берудің екінші кезеңі басталды

Парижде өтіп жатқан «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында дауыс беру басталды.

Vote.junioreurovision.tv сайтында дауыс беру небәрі 15 МИНУТҚА жалғасады. Сондықтан дәл осы сәтті мүлт жібермеңіздер!

Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан Әлинұр мен Бекнұрға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз.