Елордада отбасылық жанжалға қатысты мыңнан астам хабарлама түскен
Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қазіргі ахуалы қалай болып жатыр?
Былтыр қабылданған тиісті заң күшіне енгелі өзгерістер бар ма?
- Заң қабылданғанымен қаскөйлердің саны азайды деп нық айта алмаймыз. Дегенмен құжат агрессорларға тосқауыл болып отырғаны анық.
Елде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейгенімен әйелі мен балаларына жұдырық ала жүгіретіндердің қатары азаймай тұр. Мысалы былтырдың өзінде «102» пультіне 100 мыңға жуық хабарлама түскен. Оның 72 мыңнан астамына қорғау нұсқамасы берілген. Мәселе бас қала Астанада да өзекті. Жыл басынан бері бір мыңға жуық шағым-қоңырауы түскен. Мамандар оқиға орнына барып жедел әрекет етеді. Айтуларынша, отбасылық жағдайға себеп болатын біршама фактор бар.
“102” ПУЛЬТІ
100 мыңнан астам хабарлама түсті
72 мыңнан астам қорғау нұсқамасы берілді
Гүлмира Шрахметова, қалалық ПД Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы:
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көбінесе түрткі болатын ол алкогольді ішімдік, есірткі тұтыну, жұмыссыздық, қаражаттың жетіспеушілігі, қызғаныш, дұрыс қарым-қатынас құра алмау, туыстардың ара қатынасқа кірісуі және тағысын тағы әлеуметтік-экономикалық-психологиялық мәселелер болып табылады. Бұл жерде құқық бұзушыға ішімдік ішуге тыйым салынады. Мысалы ол 6 айға немесе 1 жылға қойылуы мүмкін.))
Отбасылық жанжалға қатысты жауапкершілік қатаң
Деректер жаға ұстатады. Былтыр шаһарда 384 адам, оның ішінде 120 әйел мен 200-ден астам бала полицияның жеке қорғауына алынды. Жапа шеккендер бірден дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Ал 7 мыңнан астам азамат жанұяда жанжал шығарып, отбасы мүшелеріне зиян келтіргені үшін әртүрлі деңгейдегі жауапкершілікке тартылды. Жалпы былтыр 15-ші сәуірде Президент тиісті заңға оған қол қойған еді. Кейін ол күшіне еніп, бірқатар өзгеріс енді. Жолдасы әйелінің денсаулығына жеңіл немесе ауыр зардап келтірсе, 3-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Заң жобасы нәзік жандардың құқығын ғана емес, балалардың қауіпсіздігін де айырықша қамтиды.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазір педофилия болса, өмір бақи бас бостандығынан айырылады деген норма кіргізілген. Содан кейін 14 жасқа толмаған балаларға одан да мынадай нәрсеге бас бостандығынан айырылатын болады. Тағы харассмент деген пайда болған: приставание харассмент дейміз. Қыздарға ұлдарға тиісуге болмайды деген нәрсеге жауапкершілікті күшейтіп жібердік.+02.17/ Ешқандай зорлық-зомбылық болмауы керек! Әділеттілік деген сол ғой!
- Жаңа дағдарыс орталығына жүгінетін әйелдер мен балалар көп пе?
Отбасылық жанжалдан ерлер де зардап шегеді
Ел бойынша зардап шеккен әйлдер мен балаларға көмек көрсететін 70-ке жуық дағдарыс орталығы бар. Былтыр оларға 5,5 мың әйел жүгінген. Негізі бұл нысандарда тек психологиялық емес, құқықтық көмек, жалпы тағдыр тауқыметіне тап болған жанұяларға қолдау көрсетіледі. Алдағы үш жылда мұндай орталықтардың санын көбейту жоспарланып отыр.
«Жәбірленуші» дегенде көз алдына нәзік жандының пошымы елестеуі мүмкін. Алайда тұрмыстық жанжалға қатысты ер азаматтардан да шағым түседі екен. Дәлірек айтсақ, шағымдардың 80 пайыздан астамы әйелдерден, ал 20 проценке жуығы– ер азаматтар тарапынан. Нақтысын Ішкі істер министрлігі өкілінен білейік.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы:
- Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылық тек әйел азаматтарға қаысты жасалмайды. Егер көп адам солай ойласа, қателеседі. Бұл жерде отбасылық тұрмыстық деген норма бар бізде, әкімшілік кодексте және тұрмыстық зорлық профилактикасы заңында да жазылып тұр. кез келген отбасының мүшесі жәбірленуші бола алады. Бізге келіп түсетін арыз бен шағымның 80 пайыздан астамы әйел азаматтан болса, қалғаны ер азаматтардан түседі.
Дегенмен мамандардың жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда әйелдерге қарсы қылмыстар саны екі есе қысқарған. Соның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37 пайызға, кісі өлтіру 49, ал ауыр дене жарақатын келтіру 8 пайызға азайған.