Жетісу облысында обыр дертіне шалдыққандар саны артып келеді
Бес жыл бұрын 6200-ден астам аймақ тұрғынынан аты жаман аурудың белгілері анықталған.
Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 7200-ден асты. Онкологиялық ауруға душар болғандардың көбейюіне не себеп?
Лариса Ким бес күн бұрын ғана күрделі операция жасатты. Шымкент қаласының тұрғыны еліміздегі емдеу мекемелерін зерттей келе Талдықорғандағыны таңдапты.
Лариса Ким, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Денсаулығым жақсарып келе жатыр. Мұндағы дәрігерлер мен мейірбикелердің бәрі мейірімді екен. Науқастарға жылы сөзін айтып жұбатып, жігерлендіріп отырады. Менің ертеңге күнге деген үмітім оянып, алдағы өміріме жоспар құра бастадым.
Лариса Кимге отаны Мақсат Серікұлы жасады. Білікті маман жеті жылдан бері облыстық көпсалалы клиникада жұмыс істейді. Ол қатерлі ісікке шалдыққандардың көбеюіне ауруды ерте кезеңінде анықтау ісі және тағы басқа факторлар ықпал еткенін айтады.
Мақсат Серікұлы, онколог-хирург:
- Қазір міне экологиялық жағдай автокөліктердің көбеюі жас буынның стреске бейімділігін алға қойсақ болады. Дұрыс тамақтанбау осылардың барлығы онкологиялық аурулардың көбеюіне септігін тигізіп жатыр.
Емдеу мекемесіне күніне 200-ден аса науқас келеді. Оларды гениколог, уролог, маммолог сынды дәрігерлер қабылдайды. Қажет деп танылғандарына хирургтар ота жасайды.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Облыстық көпсалалы клиникада небәрі төрт хирург жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы жылына 300-ден аса операцияны дәл осылай тікесінен тік тұрып жасайды. Соған қарап-ақ мамандарға түсетін жүктеменің көптігін білуге болады.
Хирург тапшылығын тартып отырған клиникада былтыр эндоскопиялық орталық ашылды. Саладағылар қазір тағы бір емдеу жүйесін енгізіп жатыр.
Гүлайым Оразбекова, облыстық Көпсалалы клиника директорының орынбасары:
- Хайпэк деген үлкен ем көрсеткіші. Ол адамның ішқуысына радикалды операция жасалады да содан кейін гипертермиялық жоғары қысымдағы жоғары темтературада химия препараты енгізіледі. Бұл ең алдымен скл 8-12 курс алмайды. Адам бір курсты операцямен бірге емін алып кетеді. Сонымен қатар бұл басқа химияға қарағанда тез және жүйелі әсер етеді.
Саладағылар алдағы жылға зор үмітпен қарап отыр. Себебі Талдықорғанда 2027 жылға дейін жаңа онкологиялық орталық салу жоспарланған. Сол кезде дәрігерлер қысылып-қымтырылай заманауи кешенде ем-дом шараларын жасайды.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосын