Балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылып жатыр
Мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Жалпы бұл жоба бойынша қаржы ұйымдар арасында бөлінбейді.
Ата-аналардың арнайы шоттарына ғана түседі. Ал олар баласын қай балабақшаға беруді өздері таңдайды. Бүгінде ШҚО-дағы 84 балабақшада бұл жоба пилоттық режимде іске аспақ. Қазір Тараз, Шымкент және Түркістан қаласының балабақшалары ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшкен.
ШҚО-да 2 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр. Бұрын ата-аналар бос орынды қарап телефонға телміруге мәжбүр болатын. Енді кез келген уақытта өтінім бере алады. Бірінші кезекте дамуында ерекшелігі бар балалар мен әскери қызметкерлердің балалары қамтылады. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілсе, кезек автоматтандырылады. Осылайша заңсыз әрекеттердің де жолы кесіледі.
Жанғазы Әліпбаев, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Балабақшаларға очередьке тұрған кезде өздері таңдай алады. Қаражат әрбір баланың артынан жүреді балабақшаға орналасатын. Сондықтан балаларды кезекке қою автомантты түрде жүригізілетін болады(скл) Өскемен қаласының балабақшалыр ваучерлік қаржыландыруға бірінші наурыздан бастап көшеді деп жоспарлануда.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі арқылы балабақшалар арасындағы бәсекелестік артады. Бұл білім беру жүйесінің сапасын арттырады.
Қымбат Садықова, № 3 балабақша директоры:
- Яғни балабақша неғұрлым бәсекеге қабілетті, сапалы білім береді. Сол балабақшада ата-ана баласын қалдыруға тырысады. Сондықтанда ваучерлік қаржыландыру бәсекелестікті арттырады. Ал бұл білім беру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Ақша балаға бөлінген соң балабақшалар қызмет көрсету сапасын жақсартады. Әйтпесе балалар саны кеміп, мемлекеттен қаржыландыру азаяды. мектепке дейінгі ұйымдардың барлығы жыл соңына дейін ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшеді деп жоспарланып отыр.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Вячеслав Ветлугин,Дмитрий Пыхтин