Қарағандыда 15 тегін үйірме ашылды
Қарағанды қаласыныңның №2 оқушылар сарайында 80-ге жуық үйірме бар. Оның 15-і биыл ашылды. 5 жастар баладан бастап 17 жастағы жасөспірімге дейін квадракоптер мен робот құрастыру үйірмелеріне қатыса алады. Тіпті француз, қытай тілін тегін үйреніп, қажет болса, коррекциялық гимнастикамен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».
9 жастағы Шұғаның мектептен шыққан бете келетін жері – оқушылар сарайы. Соңғы 2 жылда екі бірдей үйірмеге келіп жүрген ол жақында үшінші – жаңадан ашылған керамика, яғни, қыш өнеріне жазылған. Себебі онда қолдың барлық ұсақ моторикасы жұмыс істеп, ал ми тынығады екен. Сондай-ақ жақындарына өз қолымен сыйлық жасап беруге жақсы мүмкіндік, - дейді ол.
Шұға Қабдыманат, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы:
- Мен бұл үйірмелерді таңдадым, себебі сурет салып, тігіп, гончарлықпен айналысқанды өте қатты жақсы көремін. Мен өзім жасаған заттарды, мысалы, салған суретті мұғалімдер күнінде өз жеңгеме сыйладым. Керамикада құмыра жасаған кезде қазір 8 наурызға құмыра жасап жатырмыз.
Ал бұл – коррекциялық гимнастика үйірмесі. Ашылғанына 1 айдың жүзі болса да, келушілер көп. Бапкерінің өзі – кәсіби жеңіл атлет. Балалардан да аса жауапкершілікті талап етеді. Жаңа ашылған 15 үйірмені қосқанда қазір осында 79 үйірме бар. Бұл шегі емес. Болашақта тағы да жаңа бағыттарды ашу жоспары бар.
Шариза аАтынбекова, №2 оқушылар сарайының директоры:
- Ерекше қажеттілігі бар балалармен де көптеген жұмыс ұйымдастырылып жатыр және жақында үлкен орталық ашатын ойымыз бар. Барлық біздің оқушылар сарайы бағытына балалар мен ата-ана сұранысы болса, біз осыларды ашуға дайынбыз. Менің байқағаным, неғұрлым бала ертерек келетін болса, интернет, телефон тәуелділік, жаман ойындардан аулақ болады.
Атап өткен жөн, Қарағанды қаласының №2 оқушылар сарайы осыдан 2 жыл бұрын ашылған. 12 мың шаршы метрге жайылған сарайда 4 мыңға жуық бала қосымша білім алады. Онда ғылыми техникалық бағыттан бастап, музыка, эстетика, спорт, көркем өнер және сұранысқа ие ІТ салаларының бәрі тармақ-тармағымен жинақталған. Үйірменің барлығы тегін екенін, айта кеткен жөн.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар, Сайлау Игіліков.