Интернет-алаяқтық өршіп барады

Әсіресе онлайн сауда опық жегізіп тұр.

Жалған тауар сату арқылы оңай ақшаға кенелгісі келетіндер жыл басынан бері мың жарым адамды алдап кеткен. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда интернет арқылы қылмыс жасау 20 процентке өскен. Биыл осындай 2 мың 900 әрекет әшкереленді. Ең көбі Астанада, 811 қылмыс. Одан соң Алматы тұр. Қарағанды, Қостанай өңірінде де ахуал мәз емес.

Рүстем Дүйсетаев, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары:

- Осы жылда республика аумағында 400-ден астам интернет-алаяқтық ашылды, қазіргі таңда оларды жасағаны үшін 80 адам жауапкершілікке тартылған. Оларға қатысты әртүрлі жаза шаралары қабылданған, айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін. Өткен жылда алаяқтар азаматтарға 20 млрд астам залал келтірген болатын. Жылдың басынан осы көрсеткіш 1 млрд астам соманы құрады.