Қызылорда технология және қызмет институты биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуде
Қызылорда Ашық университетінің құрылымдық бөлімшесі - Қызылорда технология және қызмет институтына 25 жыл.
Сыр өңіріндегі іргелі оқу ордасы бүгінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда заманауи технологияларды қолдануды негізгі бағыт етіп алған.
Осы межелі мақсатқа жету жолында елеміздің жоғары білімді және ғылымды дамыту тұжырымдамасы негізгі бағдар болмақ. Бұл туралы университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қылышбай Бисенов мәлімдеді.
«Қазір озық технологияның уақыты. Түрлі инновациялық шешімдер барлық дерлік салаға еніп отыр. Сәйкесінше, мамандардың білім – білігіне талап артады. Қызылорда технолгия және қызмет институты осы үдеден шығып келеді. Мәскеу кәсіпкерлік академиясы, Түркияның Сакарья университеті секілді шетелдің іргелі оқу орындарымен тығыз байланыс орнатудағы негізгі мақсатымыз – аталмыш жоспарды жүйелі жалғастыру»,-дейді Қылышбай Бисенов.
Қылышбай Бисенов, Қызылорда Ашық университетінің ректоры:
- Білім беруді, жоғары білім беруді, жоғары білімнен кейінгі білім беруді, ғылымды дамытуда жаңа заман талабына сәйкес цифрлық технологияларды пайдалану, білім берудің цифрлық жаңа платформасын жасау. Осындай алға қойған міндеттер бүгінгі күні Қызылорда технология және қызмет институтының дамуының басым бағыттары болып белгіленіп отыр.
Оқу ордасының 25 жылдық тарихында лайықты материалдық-техникалық базасы мен оқытушы-профессорлар құрамы қалыптасты. Халықаралық білім кеңістігінде әріптестік нығайып, Корея, Түркия, Ресейдің жоғары оқу орындарымен тәжіребие алмасу жолға қойылған.
Қылышбай Бисенов, Қызылорда Ашық университетінің ректоры:
- Мәскеу жаңа университетінде магистратураға жіберіп дайындап жатырмыз. Жаңа сала бойынша. Ақпараттық технология бойынша, сосын экономиканы цифрлық технологиялар арқылы басқару. Осы екі мамандық бойынша біз екі магиcтріміз бар.
Институт жаңа оқу жылында талапкерлердің білім алу мүмкіндігін арттыру үшін түрлі жеңілдіктер қарастыруды жоспарлап отыр. Бұл шаралар –жоғарғы білім мен ғылымды дамту тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Айтмұхамбет Байділдаев