Шығыста орманға ағаш егу үш есеге артады

Шығыс Қазақстан облысында орман алқаптарын молықтыру үш есе артады.

Қоғам белсенділерінің осындай жоспары орман шаруашылықтарының қолдауына ие болды. Қазір бір жарым мың гектар аумақ үшін сегіз миллионнан астам көшет дайындалды. Жас ағаштар Ресейдің Қазан қаласынан әкелінді. Қылқан жапырақтыларды отырғызу жұмыстары қалай жүзеге асып жатыр?

Александр Чиликин Алтай тауларын көгалдандырумен 17 жыл бойы айналысып келеді. Қоғам белсендісі мемлекеттік орман қорындағы 400 гектарға қарағай отырғызуды қолға алмақ.  

Александр Чиликин, қоғам белсендісі:

- Бұл жерде қайың мен майқарағайлардың өсуі екіталай. Тек шыршаларға қолайлы. Бұл ағашты 17 жыл бұрын отырғыздық. Міне жайқалып, өсіп жатыр. 

Үлбі тау жотасы теңіз деңгейінен 670 метр биіктікте орналасқан. Аумақты ну орман басқан. Десе де, осындай тақыр жерле көп. Табиғат жанашырларының мұрындық болуымен мұнда қылқанжапырақтылар егіледі.

- Вот здесь мы посадили кедры, лет через 50 будем собирать шишки.  

Көк шырша көшеттері үш мың шақырым қашықтағы Қазан қаласының  тұқымбағынан әкелінді. Қазір облыстың 13 орман шаруашылығында төрт милионнан астам жас көшет отырғызылды. Ендігі жоспар – тағы төрт миллион шыршаны күтіп баптау. Бұл былтырмен үш есе көп.  

Сая Әбдірахманова, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Риддер орман шаруашылығымен 200 гектар жоспарланған жерлерінде 135 гектар жерлерінде жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар орман тұқымбақтарында орман егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 43 гектар биыл жоспарланған, бірақ та, оның қазіргі уақытта бес жарым гектар ғана себілді. 

Өкінішке орай, елімізде орман өрті тыйылмай келеді. Тілсіз жаудың кесірінен жылда мыңдаған гектар жер күлге айналады. Ну орманды қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспары бар. Соған сәйкес, тағы екі миллион ағаш отырғызылады.

Ақмарал Есімханова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин