Ормандағы өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұр. LIVE
Абай облысындағы қарағайлы ормандағы өртті сөндіруге үдей соққан жел кедергі келтіруде.
Осыған орай құтқарушылар жұмысын қайта күшейтті. Тартылған техника саны да артты.
Азамат Қасым, тілші:
- Осыдан екі сағат бұрын эвакуацияланған тұрғындардың үйлеріне қайта бастағанын айтып едік. Алайда жаңа ғана олардың Семейдегі эвакуациялық орынға қайтадан қайтқаны туралы ақпарат келді. Өйткені, қатты жел жағдайды ушықтырып тұр.
- Бұл өрттің қайта өршігенін білдіріе ме?
Азамат Қасым, тілші:
- Солай деуге де болады. Жаңа ғана біз Бородулиха ауылының маңында бір өрт ошағының қайта тұтанғанын көрдік. Қазір сөндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жалпы оқиға орнында 1500 адам, 300-ге жуық техника, 10 шақты тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Бүгін Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарынан 300-ге жуық арнайы техника көмекке келді.