ТЖМ өрт сөндірудің басты кедергісін атады

Желдің көтерілуі өртті сөндіруге едәуір кедергі келтіріп тұр.

Дегенмен, Төтенше жағдайлар министрлігі ахуал тұрақталып келе жатқанын хабарлады. Талица және Жирнова ауылдарының маңындағы бірнеше ошақты ауыздықтаған соң ну орман ішіне қарай кірмек. Өртке қарсы күрес бір сәтке де тоқтаған емес.

Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:

- Азанда біз тікұшақпен барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Жалпы, екі аймақта өрт оқиғасы жүріп жатыр. Жағдай тұрақталынған. Бірақ қазіргі таңда желдің күшеюіне байланысты біраз қиындықтар туғызып жатқан жағдайы бар. Барлық күш құралдары мен жеке құрам сол өрттің аймақтарына бекітіліп жұмылдырылды. Біз және сонымен қатар әуеден тікұшақпен су тастау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіп жатыр.