Абай облысында екі учаскеде өрт сөндіріліп жатыр

Құтқарушылар Бородулиха ауданының Каштак және Жернов ауылдарының маңында тұтанған қызыл жалынды ауыздықтау үстінде.

- Өрт неге сөнбей жатыр? Техника, адам күші жеткілікті ме?

Азамат Қасым, тілші:

- Қазір оқиға орнында 1500 адам, 300-ге жуық техника, 11 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрлігінің өзінен 500-ден астам әскери өртті сөндіруге қатысып жатыр. Менің  жанымда Қорғаныс министрлігі "Абай" гарнизонының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Әбішев тұр.

Қуаныш Әбішев, ҚР Қорғаныс министрлігі "Абай гарнизоны" баспасөз қызметінің бастығы:

Қуаныш Серікұлы, қазір әскерилер қандай жұмыстармен айналысып жатыр?

Жалпы, Қорғаныс министрлігінен қанша техника келді?

- Бағана Семейге жақын ауылдардың тұрғындары қайтадан эвакуациялық орындарға оралып жатқанын айтқан едіңіз. Олар қай ауылдың тұрғындары?

Азамат Қасым, тілші:

- Бұлар Семейге таяу орналасқан Талица, Половинка және Қаштак ауылының тұрғындары. Олар Семейдегі екі колледждің жатақханасына орналасқан. Ал Бородулиха ауданының Поднебесное, Барышовка және Успен ауылының тұрғындары бүгін үйлеріне оралып жатыр.