«Семей орманы» табиғи резерватына жаңа техникалар алынады

«Семей орманы» табиғи резерватына 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Бұл қаражатқа 15 өрт сөндіру техникасы мен басқа да құрал-жабдықтар алынады. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова осылай деді. Ал табиғи резерваттағы қарағайлы орманға келген шығын көлемі өрт толық сөндірілген соң есептеледі.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Негізі бұл мәселе былтыр да көтерілген болатын. Сол мәселе шеңберінде қазіргі таңда қаражат бөлінді. Кешенді жоспар жасалды. Әлбетте, техника жағынан, бір жерде техника жетіспеуі мүмкін. Биылға нақты «Семей орманы» резерватына тиісті қаражат бөлінді. Өрт сөндіру техникасы, басқа да техника болсын. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде алу жоспарланып отыр.