Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісу облысына жетті
Желдің бағыты өзгеріп Сарқан, Ақсу, Көксу, Алакөл, Қаратал аудандарын және Талдықорған қаласын көк түтін басты.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңірде өрт болмағанын ыстың көршілес өңірден келіп жатқанын мәлімдеді.
Ал Санитарлық эпидемиогиялық бақылау департаменті қолқаны қабатын иіс өкпе және жүрек қан тамырлары ауруларын асқындыруы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеуге, сыртқа шыққан жағдайда бетперде тағуға кеңес беріп отыр. «Көп су ішіп, үй ішін ылғалдандырып тұруды да естен шығармау қажет», – деді.