Өрт туралы алғашқы ақпарат құтқарушыларға 8 маусымда жіберілген
«Семей орманы» резерватындағы өрт туралы алғашқы ақпарат құтқарушыларға 8 маусымда берілген.
Бұл туралы "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Өскен Тойшыбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, өрт ошақтарының белгілері көрсетілген ғарыштық суреттер күндізгі сағат 11:23-те алынған. Және екі сағаттан кейін арнайы геосервисте жарияланды. Ал 9 маусым сағат 12:00-де алынған деректерде өрттің аумағы 30 мың гектардан асқаны байқалған. Ғарыштан жететін деректер күніне сегіз рет жаңартылады. Бұл төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, ғарыштық мониторинг суреттері 2018 жылдан геосервистерге шығарылып келеді.
Өскен Тойшыбеков, "Қазақстан ғарыш сапары" АҚ Басқарма басшысының орынбасары:
- Дәл осы Семей орманы болған өрт туралы айтатын болсақ, ең бірінші, жаңағы термалдық нүктелер. Олар 8 маусым күні сағат 11:23-те болған түсрілмде анықталды. Ол нүктелер туралы ақпарат, яғни төтенше жағдай министрлігінің және орман шаруашылығы комитетінің арнайы геосервистеріне сағат шамамен 13:20-да жүктелді. Яғни Семей орманында басталған өрт туралы ақпарат сол 8 маусым күні 13:20-да барлық қажетті мемлекеттік органдар назарында болды. Яғни олар сол туралы ақпаратты алды.