Өрттен қаза тапқан орманшыны ақтық сапарға шығарып салды

Абай облысында алапат өрттен  қаза тапқан 14 орманшынының бірі, 51 жастағы Саят Нұржігітовты бүгін отбасы мен туған туысы ақтық сапарға шығарып  салды.

Апталдай азаматтың артында жары, 3 баласы қалды.

Эльмира Ахметова, тілші:

Табиғатты қорғап, сол табиғатқа қайтқандардың алғашқысын жерлеу рәсімі жаңа ғана өтті. Сол жерден оралдық. Ол жерге бару түсіру, сұхбат жүргізу бізге де оңайға соқпады. 

Саят Нұржігітов 51 жаста. Аттай 19 жыл өмірін орманға арнапты. Соңғы уақытта Семей орманы резерватның Новошульба филиалында Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы болып еңбек  екен. Азаматтың жұбайы да өзімен бірге орманшылықта істепті. Сондықтан орманшылар  отбасы отағасынан айырылып тұр. Марқұмды соңғы сапарға шығаруға отбасы,туғандары Бородулиха ауланының халқы, орманшылар барлығы келді.  Бәрі де айдың күннің аманында  болған ауыр қазаға сенер емес. Көздерінде жас, көңілдерінде мұң. Қайғыны бөліссең азаяды дейді ғой. 

Ұлан Шағанов  Подгородное орманшылығының қызметкері:

- Успенка орман шаруашылығында бірге қызмет еткен осы азаматтармен өте қайғырып тұрмыз, өте  қайғылы жағдай жүрегіміз ауырып тұр, айиуға сөз жоқ. Халық болып жылап жатырмыз. Нағыз батырлар батыр боп кетті өмірден. Туған-туыстарына барлығына көңіл айтамыз.

- Қалған марқұмдарды жерлеу рәсімі қашан?

- Әзірге белгісіз. Өйткені осындағы орманшылардың айтуынша әлі сараптама жүргізіліп жатыр. Дегенмен, туыстары марқұмдаодың денесі неғұрлым ертерек берілсе дейді. Әсіресе қаза тапқандардың ішіндеі жалғыз әйелдің денесін,ертерек беруді туыстары сұрап отыр.

Соңғы жоғалған орманшы табылды ма?

- Жоқ, өкінішке орай, әлі іздестіріп жатыр. Ол жақ енді өрт болып датқан орманшылықтардың бірі. Сондықтан іздеу де оңай болмай жатқан сияқты. Дегенмен, жақсы хабар күтеміз.