Семей орманына қасақана өрт қою туралы болжам тексеріледі

Құзыретті органдар өрттің себеп-салдарын зерттеу барысында қасақана от қою болжамын да тексереді.

Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде от қойылуы мүмкін орындар көрсетілген бейнематериалдар тарап кеткен. Қазір жауапты органдар осы мәселеге қатысты жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр.