Абай облысындағы өртке әуеден 777 рет су шашылған

Абай облысындағы орман өртінің беті қайтқанымен әр жерде жалын ошағы әлі де көп.

Мұны бүгін космомониторинг көмегімен анықтаған. Қазіргі ахуал қалай?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өртті сөндіруге кедергі келтірген негізгі фактор екпінді жел болып тұр. Түнгі салқында жалын бәсеңдеп қалса, таң атысымен жел тұрып қайта жалаңдап кетеді.

Соңғы сәліметтер бойынша Семей Орманы резерватының орта тұсы мен шығыс жағында ахуал қиынырақ. Жалын қатты. Дегенмен, өрт сөндірушілер от шарпыған аумақтың үлкейіп кетпеуі үшін жанталасып жүр. Яғни өртеніп жатқан аумақ 60 мыңнан азайып, 43 мыңға түскен еді. Сол мөлшерде тұр. Әзірге енді Успен ауылына қатер төніп тұрған көрінеді. Сондықтан эвакуация болуы мүмкін ол жақта. 

Менің қасымда қазір көршілес ШҚО облысы ТЖД  аға маманы Жадыра Аманғалиқызы тұр. Сұрақ мынадай боп тұр, Жадыра осы бастапқыда жалын Таврияға қарай ығысып барады деген ақпарат берілді ресми өкілдер. Бұл рас па, Таврия енді  Өскемен жақта емес пе? 

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы: 

- Жоқ. Меніңше, ауыл атынан шатасып кетіп, айтылған сияқты. Өйткені Таврия жақ тыныш. Ешқандай өрт жоқ. Қауіп те жоқ. Өскемен жақта болса біз білер едік. Содан соң жаңа Успен ауылы эвакуациялануы мүмкін дедіңіз. Иә сондай болжам болған екен. Бірақ әріптестерімз ауылды жалыннан қорғады. Қазір қатер сейілді. Біз сол жақты көріп келеміз. Эвакуацияға қажеттілік жоқ деп санаймыз.   

Құтқарушылар Таллица ауылына да жалынды жібермеді. Орманнан шыққан өртті далалы алқапта сөндіріп үлгірді. Жалпы  осы күндері  әуеден 777 рет су шашылған, барлығы 2 мың тонна.