Қарағандыда жансақтау бөлімінде жатқан бала есін жиды
Қарағандыда жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін есін жиды.
Дәрігерлер енді оның өміріне еш қауіп жоқ деп отыр. Еске салсақ, күні кеше дүлей дауыл «Көгілдір тоған» ықшам ауданындағы үй аулаларының бірінде жасанды көгалды көтеріп кетіп, үстінде ойнап отырған екі бала жарақат алған. Сегіз жастағы балақайдың бас және жақ сүйектері, қолы сынған. Миына зақым келген. Бүгін оған операция жасалады. Ал 9 жастағы екінші баланың жағдайы қалыпты. Клиникалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның оңалып қалғанын айтады. Айта кетейік, ауладағы бұл жасанды көгалды мердігер бір апта бұрын ғана орната бастаған. Жұмыс әлі аяқталмапты. Сондықтан жиегі бекітілмеген. Ал қауіпсіздік жағы неліктен ескерілмеді? Оны құзырлы органдар анықтайды. Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша іс қозғалды.
Ғабит Махамбаев, дәрігер-нейрохирург:
- Шоковый состояниеден шығардық. Қазір жағдайы жақсарды баланың. Есі анық, сөйлейді бала. Нейрохирургтар мына маңдай сүйегін сынған орнына қоямыз, төменгі жақ сүйегін орнына қояды, жоғарғы жақ сүйегін де бекітеді. Травматологтар өз жұмысын істейді. Оң қолы сынған баланың. Оны да қалпына келтіреді.