Президент халықаралық волонтерлер форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысты.
Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің, ірі диалог алаңы болмақ. "Волонтер болу бұл, ең алдымен, патриотизмнің, яғни отаншылдықтың жарқын көрінісі. Бұл – адамгершілік құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты. Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет" деді президент өз сөзінде. Жиында волонтерлікті дамыту және, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланбақ.