Елордада Ғарыштық балы ұйымдастырылды

Елордада дарынды балаларға арналған «Махаббат-жүректің дана-лығы» Ғарыштық балы ұйымдастырылды.

Шараға, республикалық спорттық, шығармашылық сайыстарда жеңіске жеткен 70-ке жуық бүлдіршін қатысты. Олар жұпқа бөлініп, вальс биледі. Сондай-ақ, жекелей өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің мақсаты - буыны бекіп, бұға-насы қатпаған бүлдіршіндерді, үлкен сахнаға дайындау.

Мәдина Әжікенов, адамгершілік және эстетикалық тәрбиені беру қауымдастығының құрылтайшысы:

- Тек ата-әжелерінің ғана алдында емес, үлкен, құрметт іқонақтардың алдында өздерін сахнада көрсетеді. Бұл баланы жеке тұлға ретінде көрсеті, мектепке барамын бұл үлкен қадам деген мақсатпен осындай мерекелік кешімізді ұйымдастырудамыз.