Елімізде күріш алқабы ұлғайды
Биыл 100 мың гектарға жуық жерге дән себілді.
Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,4 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ал-қап көлемі жағынан Қызылорда облысы көш бастап тұр. Сыр еліндегі егістік көлемі 88,1 мың гектарға жеткен. Бұдан кейін Алматы, Түркістан және Жетісу облыстары тұр. Түскен түсім отандық нарықты толық жауып, экспортты да қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда елімізде 60,4 мың тонна күріш қоры бар.