Елордада бірқатар аула жаңартылды
Елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды салу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
Биыл 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аяқталды. Ал Сарыарқа ауданы бойынша абаттандыру жұмыстарына бюджеттен жалпы 2 млрд теңге бөлінген.
Қасымхан Талғатұлы, тілші:
- Жергілікті әкімдік өкілдерінің сөзінше, Бүгінде бір ғана Сарыарқа ауданы бойынша биыл 30-ға жуық көп қабатты үйдің ауласын абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасын тұрғындардың игілігіне тапсырылу жоспарда бар. Айта кетейік халықтың ұсынысы іс-жүзінде орындалуда.Енді мұнда балалар еш алаңсыз ойнайды.
Ал мынау Сарыарқа ауданындағы құрылысы жаңадан біткен балалар ойнайтын алаңқай. Аула тұрғындары жаңадан салынған ойын алаңына деген қуаныштарында жасырып тұрған жоқ. Олардың айтуынша, бұл ара бұрын батпақ болып жататын.
БЛИЦ:
- Бұрын ескі еді. Қазір жап-жаңа.
- Иә, ұнап жатыр. Басында ескі етін ойнайтын жер. Сосын құм етін жер жұмсақ емес етін балалар құлағанда аяқтарын жырып алып құмға құлайтын еді. Ал қазір жаңарды. Сосын өте әдемі болды. Балаларға қауіпсіз. Балаларға ұнайды.
- Бұрында ескі еді аяққа кіріп кете беретін. Қазір күшті.
Мұнда шағын футбол алаңы, әткеншектер, сырғанақ, басқа да ойын құрылғылары орнатылған. Енді балалар асыр салып, алаңсыз ойнайды.
Бағжан Сәбденов, Сарыарқа ауданы әкімі аппараты абаттандыру бөлімінің бас маманы:
- Қазіргі таңда бүгінгі күнге оның 10 ауланы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Және де 6 аулада жұмыс жүргізіл жатыр. Толықтай қалпына келтіру автотұрақтарды жаңарту, ойын алаңдарын, спорт алаңдарын көгалдандыру және жарықтандыру болып саналады. Тағы да 3 жоспарлаланған қоғамдық кеңістіктің тұрғындарға пайдалануға өткіздік. Және 1 қоғамдық кеңістікте жұмыс жүрігізіліп жатыр. Әрі қарай одан да бөлек тарихи көшелерімізді абаттандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті билік өкілдері қаланы абаттандырумен қатар көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Биыл 1 млн жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Оның бір бөлігі қаланың жасыл белдеуінде болмақ.
Қасымхан Талғатұлы, Нұрғали Мамырбаев