Түркі елдерінің кәсіподақ ұйымы құрылады
Қазақстан Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісім жасады.
Оның құрамына төрт мемлекет - Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Қырғызстан ұйымға бақылаушы мәртебесінде қатысады. Бұл туралы ҚР Кәсіподақ федерациясы хабарлады. Халықаралық ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің бірігуіне берік негіз болады. Сондай-ақ, тәжірибені ілгерілетіп, еңбек нарығындағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа ұйымның жұмысы еңбеккерлердің әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын біріктіруге бағытталады.