Маңғыстау облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 286 квота бөлінді

Биыл Маңғыстау облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 286 квота бөлінді.

Десе де, кезекте әлі 200 дей әйел бар. Бұл біздің елде де бедеуліктің белең ала бастағанын көрсетеді. Бұл жайында Ақтауда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды .Басқосуда еліміз бен шетелдік гинекология саласының ғалымдары жасанды ұрықтандыру жайында озық тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қоса ауыр жағдайдағы ана мен баланы құтқару жайы қозғалып, жоғары технологиялық әдіспен жасалатын операция түрлері таныстырылды. Айта кетерлігі аймақта ана мен бала денсаулығына баса мән беріліп отыр. Былтыр облыста 86 сәби өлімі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 59-ға азайған.

Жапырақ Епенова, Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталды орталығының директоры:

- Өте төмен салмақты, критикалы жағдайда туған балаларды ары қарай бақылап ары қарай оларды бір жылға дейін екі жылға дейін әбден жүріп сөйлеп кеткенше бақылауда болады. Ол біздің Қазақстанға да енгізілуде. Біздің орталықта да бір жыл болды жұмысын бастадық. Бірақ енді өз деңгейінде әлі жұмыс жүріп жатпаған сияқты. Дегенмен, біз осындай тәжірибе алмасу арқасында оның бәрі деңгейімізді көтереміз деп ойлаймыз.