26 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін 6 мың орындық 26 жатақхана пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Бүгінгі күні студенттер үшін жатақхана тапшылығы 23 мың орынды құрайды. Тапшылықтың жартысына жуығы Алматы қаласында байқалады. Дегенмен мәселені стратегиялық жоспарға сәйкес 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен шешу жоспарланған.

Ақерке Абылайхан – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары, Астана:

- Ешқандай шектеу жоқ. Ақылы немесе грант негізінде оқитын студенттер, қаласа, жатақханада тұра алады. Биыл жоғары оқу орындары бойынша осыған қатысты заң күшіне енеді. Ол жатақхана мәселесін шешуге ықпалын тигізеді. Себебі бұл құжатта жауапкершілік қарастырылған.