Депутаттар құмар ойындардың жарнамасына шектеу қоюды ұсынып отыр

Елімізде интернет казино қызметін ұйымдастырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ойын бизнесін реттеуді күшейту және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі заң жобасында қарастырылған. Бұдан бұрын Мәжіліс депутаттары оның жарнамасына шектеу қоюды ұсынған болатын. Себебі елде лудомандар көбейіп барады. Жарнамадағы «оңай олжаға» адамдар сеніп қалады. «Букмекерлік кеңселердің кесірінен әбден қарызға батқандар көп», - дейді мамандар.  

Ғалымжан Мұстафаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы:

- 21 жасқа дейінгі адамдарды құмар ойын ойнауға және бәс тігуге жібергені үшін заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілік белгілеу. Интернет казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеу. Бұл жерде спорт оқиғаларын жариялауға арнайы рұқсаты бар жерде ғана рұқсат етіледі. Жалпы алғанда осы заң жобада 55 түзету енгізілген.