Kaspi банкте адамды кепілге алған қылмыскерге сот үкімі шықты

Каспи банкте тұрғындарды кепілге алып, өмірлеріне қауіп төндіруге талпынған қылмыскер сотталды.

Алихан Мурадов 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Енді ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Каспи банкінің ғимаратында қарулы ер адам тұрғындарды кепілге алып, қаржы мекемесіне талап қойған еді.