Алматы апортын ұлттық брендке айналдыруға болады
Ол үшін Авторлық құқық туралы заңды жетілдіру керек.
Бұл туралы заңгерлер Халықаралық интеллектуалды меншік ұйымы жанынан ашылған жазғы мектепте айтты. Айта кетейік, интеллектуалды меншік саласындағы жас мамандардың біліктігін арттыруға арналған жазғы мектеп Орталық Азиядағы алғашқы оқу орталығы. Сала мамандары екі жылдан бері осы жазғы мектеп қабырғасында білімдерін шыңдап келеді. Сарапшылардың пікірінше, Авторлық құқық туралы заңға өндірістік өнертабыстар мен географиялық нүктелер бойынша толықтырулар қажет. Осы орайда Әділет министрлігі Халықаралық интеллектуалды меншік ұйымына «Алматы апортының» географиялық мекенін таныстырған.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Заман талабына сай, президенттің тапсырмаларына сәйкес заңнаманы жаңартып жатырмыз. Әсіресе осы зияткерлік меншік саласындағы оның ішінде авторлық құқық, өнеркәсіптік шығарымдар, тауарлық белгілер сияқты әртүрлі салаларда нақты өзіміздің ұсыныстарымыз бар.