Қазақстанда электромобильдер саны 10 есе өсті
Елімізде бір жыл ішінде электромобильдер саны 10 есе өсіп, 4700-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көліктердің дені, яғни 800-і Алматы жолдарында жүр. Ал ең азы Абай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Биылғы тамыз айындағы статистика бойынша, Қазақстанда 4,4 млн автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ке артық.