Қызылордада мерекеге жаңартылған аулалар тарту етілді

Республика күні қарсаңында Қызылордада көп қабатты 20 үйдің айналасы абаттандырылды.

Бұл бастама жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты. Мәселен Абай даңғылы бойындағы 47-ші үйдің маңы, қала бойынша үлгілі аула саналады. Бұған 200 миллион теңге қаражат жұмсалып, ойын алаңқайы, шағын футбол алаңы және тынығу орындары салынған. Автотұрақ пен жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселіп, бақылау камералары орнатылған. Дегенмен, шаһардың шеткі аймақтарында тоз-тозы шыққан ойын алаңдары мен қараусыз қалған аулалар әлі де баршылық. Алдағы уақытта 30-ға жуық үйдің айналасы абаттандырылмақ.       

БЛИЦ

- Мен Шоқай көшесі жақта тұрамын. Бұл жаққа ойнауға келеміз достарымызбен. Біз жақта ойын алаңы жоқ.

- Біз баяғыда анау алыс жаққа баратынбыз. Қазір осы жақта ойнаймыз. Бұл алаң бізге ұнайды.

- Мен «Сәулетте» тұрамын. Бірақ осында келіп тұрмын. Өйткені «Сәулетте» стадион, футбол алаңы жоқ.  

Жеңісбек Файзуллаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бюджет есебінен де барлығы 17 аулаға 27 тұрғын үйдің алды толық абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Осы айдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. Бізде қала бойынша 18 ауланы қайтадан жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба әзірленіп дайын тұр.