Автожолдар ашылды

Күн райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынды болады. Оның соңы қарға ұласып, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Батыс, Абай, Ұлытау және Қостанай аймақтарын қалың тұман бүркейді.

Жалпы қалың қар түсуіне байланысты, кеше түнде республикалық маңызы бар бірқатар тас жол жабылған еді. Көкшетау-Атбасар мен Астана-Көкшетау бағыттары бойынша 30 арнайы техника жұмыс істеді. Қазіргі уақытта жағдай оңтайланып, жолдар ашылды.