Жетісу облысында индустриалды қалашықтың құрылысы қайта жанданды
Қазақстан-Қытай шекарасындағы ауқымды жоба 2019 жылы басталып, карантинге байланысты тоқтап қалған еді.
ТМД мемлекеттерінде теңдесі жоқ кәсіпорындар жиынтығы «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында бой көтереді.
Индустриалды қалашық мың гектар жерге салынады. Аталған аумаққа инфроқұрылымдық желілерді тарту үшін қазір құм төбешіктер тегістеліп жатыр. Құрылыс қарқынын жылдамдату мақсатында көрші елден қосымша техника тартылған.
Серғали Сұлтанғазин, менеджер:
- Шекараға жеткен үлкен 45 техника тұр. Алла қаласа бір апта ішінде кіріп жұмыстарын бастайды. Алла қаласа бір жылдың ішінде барлық жерлерді түзеп, инженерлік сетьтерді тартып дайындаймыз.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Индустриалды қалашықта әкімшілік ғимараттар, жұмысшыларға арналған жатақханалар тұрғызылады. Сонымен қатар 200 ден аса зауыт салынады.
Қалашықтағы басты нысан газ-трубиналық станция болады. Мекеме өндіріс орындарын әрі аймақты электр тоғымен қамтамассыз етеді. Кәсіпорындар алдағы екі үш жылда кезең-кезеңмен іске қосыла бастайды. Ауқымды жобаның инвестициялық құны 1 млрд доллар,- дейді саладағылар.
Мұрат Баймұханбетов, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА БК" АҚ бас директоры:
- Бұл жобаның маңызы зор. Облысқа да для республики. Ең маңыздысы жаңа жұмыс орындары пайда болады. Жоба бойынша 3 мың адам жұмыс істейді. Жаңа өндіріс кіреді. Бізге керегі сол ғой. Мына көрші елдер осындай жобамен экономикасын көтеріп ары қарай жүріп кеткен. Бізде сол жолды өтеміз деп ойлаймыз.
Жаркент маңынан 840 гектар жер бөлініп, тауар тасымалына арналған аэропорт салу көзделіп отыр. Жоспар жүзеге асқанда аймақта әмбебеп логистикалық хаб құрылады. Яғни жүкті көлікпен, темір жолмен және әуе қатынастары арқылы әлемнің кез-келген жеріне жеткізу мүмкін болады. Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев