Олимпиада жүлдегерлері марапатталды
Биылдыққа 23 қазақстандық оқушы әлемдегі беделді олимпиадалардан 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер мен оларды дайындаған ұстаздармен Оқу-ағарту министрі кездесті. Ғани Бейсембаев оқушыларды құттықтап, ақшалай сыйақы табыстады.
Айта кетейік, елде былтырдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы сыйақы тағайындалған. Беделді жарыста алтын медаль алғандарға 1500, күміс медаль үшін 1000 және қола медаль үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай марапат беріледі. Сыйақы дарынды оқушыларды дайындаған педагогтерге де қарастырылған. Бұл шаралардың барлығы олимпиадашылардың беделін арттырып, ғылымның болашақ жұлдыздарын қалыптастырады министр.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Халықаралық олимпиадалар көп қой. Бірақ, біз бүгін әлемде мойындалған жоғары деңгейдегі 7 олимпиаданы ғана есепке аламыз. Сол олимпиадалардың есебіне қарайтын болсақ, осыдан бұрнағы жылдары бұрын біз қатысатын 80 мемлекеттің ішінде 30, 40 орында жүретін болсақ, қазір біз 20 позицияға көтеріліп, 18, 19 орынға иеленіп отырмыз. Бұл ұстаздарымыздың кәсібилігін, оқушыларымыздың білімге құштарлығын көрсетеді.