Қызылорда облысында күріш алқабын сумен қамту шаралары жүргізіледі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында күріш алқабы 700 гектарға ұлғайтылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта келер жылы су арнасының 63 шақырымы тазартылады. Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан 6 шақырымнан аса айналма су арнасы қазылады. Оған республикалық бюджеттен жарты миллиард теңге бөлінді. Осылайша, су 1,5 мың гектардай күріш алқабына жететін болады.

Талғат Зейдалиев, Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Сырдария өзенінің су деңгейі мен каналдың астыңғы деңгейі дейді ғой, гаризонт дейді, соны мамандар өлшеп, яғни сол жарты метр биіктіктен су құлайтынын анықтап отыр. Қазір енді 38-40 куб Келінтөбе магистраліне су алып жүрсек, ол кезде 10 кубқа дейін дамытуға жол ашылады. Қазір 25% үлеспен суды ең көп қажет ететін күріш дақылын егіп отырмыз ғой. Соны енді біз 7 мың 300 гектар емес, 8 мың гектар аралығында қамтамасыз етеді деп ойлаймыз.