Шымкентте 38 шақырым кәріз құбыры ауыстырылады
Шымкентте кәріз жүйесінің 77 проценті тозған.
"Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы арқылы алдағы үш жылда 38 шақырым кәріз құбырын ауыстыру жоспарда бар. Бұған 3,2 миллиард теңге қаржы жұмсалады.
Келесі жылдан бастап тариф саясатын қайта қарап, су жүйесін модернизациялауға басымдық беріледі.
Кәріз суын тазартып, одан электр энергиясын өндіруге мүмкіндік жасайтын кешеннің құрылысы жақында аяқталады. Нысан іске қосылған кезде тәулігіне 200 мың текше метр қалдық су өңделіп, жылына 7 миллион килловат электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде қаладағы тұрғын үй секторының 60 пайыздан астамы кәріз жүйесіне қосылады.
Жанатбек Тұрдалиев, Су ресурстары компаниясы басшысының орынбасары:
- Президенттің тапсырмасы бойынша тозған жүйелерді 15% азайту керек болатын. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтерді тұрақты әрі қажетті көлемде, сапалы түрде алуға тариф болмаса қол жеткізу мүмкін емес.