Жетісу облысында шілдеден бері 841 адам жақындарына қол көтерген
Жетісу облысында шілдеден бері 841 адам отбасында жанжал шығарып, жақындарына қол көтерген.
Сот үкімімен солардың 120-сы қамалды. Бірқатары әлі жазасын өтеп жатыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз он алты күн» акциясы аясында оларға қоғамдық ұйым өкілдері барды. Теологтар, аналар кеңесінің жетекшісі, психологтар уақытша оқшауланған азаматтармен жүздесіп өзара пікір алмасты. Ұрыс-керістің себеп салдарын анықтап, оны болдырмау жайын талқылады. Отбасындағы айқай-шудың бала психологиясына әсерін айтып берді. Қылмыстың алдын алу жолдарын да қарастырды. Жалпы өткен жылы полиция департаментінің қызметкерлері отбасындағы кикілжіңге қатысты мыңнан аса деректі тіркеген. Ондай жағдайлардың көбі алкагольдік ішімдік ішу салдарынан болады екен.
Жазасын өтеуші:
- Көбіне жастар басына тимей жатып түсінбейді ғой. Өткен іске өкінем. Пайдасы жоқ дауласқаннан. Басқаша өмір сүруге тырысам.
Қайсар Мұхметов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Бұрын қанша рет болса да кешірім болса кешіріммен жүре беретін. Бірақ бұл жылдан жылға лқайталана береді. Заң күшіне енгелі бір рет қана сотқа барып бұлар бірін-бірі кешіріп, татуласып қайтарылады. Екінші рет ешқандай кешірім болмайды. Соттың шешімімен 10 тәулік, 15 тәулік, 25 тәулікке дейін солай сот шешімімен кете береді.