Түркістанда бала өлімінен кейін полиция кәріз құдықтарын тексеріп жатыр
Түркістанда 4 жасар баланың өлімінен кейін барлық аудан мен қаладағы кәріз құдықтарын полиция тексеріп жатыр.
Бұл құқық қорғау органының құзіретіне кірмесе де облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы осындай шешім қабылдапты. Әйтпесе ашық жатқан құдықтан қауіп көп. Полицейлер өз аймағында орналасқан үйлердің кәріз құдығын мұқият тексеріп, қақпағы бар-жоғын анықтауға кірісті. Талапқа сай болмаса үй иесіне ескерту жасалады. Ал жол бойындағы кәріз жүйесіндегі ақаулық туралы ақпаратты әкімдікке жолдайды. Рейд кезінде темір қабылдайтын орындарды тексеріп шықты. Ұрланған қақпақтарды сатып алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Асылхан Төреханов, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы:
- Бұған дейін де темір қабылдайтын азаматтарымызға күнделікті бізде учаскелік инспекторларымызбен ескерту жасалады. Өздерінің әкімшілік аумақтарында темір қабылдайтын орындар бар. Соларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жауапкершілікке тарытылатыны ескертіліп жатыр. Кәріз құдығының қақпағын өткізген азаматарымызға ҚР ҚК 188-бабымен жауапкершілікке тартылады. Соны ұрлық екенін біле отырып, қабылдап алған азаматтар ҚК 196-бабымен жауапкершілік қаралған.