Алматы облысында «Қол» әпсана қойылымы сахналанды
Алматы облысында жазушы-драматург Сая Қасымбектің «Қол» атты пәлсапалық әпсана қойылымының премьерасы өтті.
Шығарманың басты идеясы - адамдар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парақорлықтың зардабын көрсету. Іс-шараны өңірдегі антикор қызметі мен облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
«Қол» қойылымын Ақши халық театры сахналады. Оның барысында адам баласының оң және сол қолының екеуара оң қылық пен теріс қылықты сипаттайтын диалогы өрбиді. Яғни, пара беру мен алу, қылмыс жасау, адамгершілік құндылықтарды таптау сынды қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріледі.
Айдос Мамыт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Қойылым тек қана көрерменге рухани дамытуғ рухани баю ғана емес. Бұл жерде ең басты енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған сонымен байланысты сұрақтар көтеріледі.
Шығарманы сахнаға бейімдеп, көрерменге ұсыну үшін Ақши халық театры бір ай бойы дайындық жүргізді. Актерлер шеберлік танытты. Іле аудандық мәдениет үйіне жиналған көрермен драманы жоғары бағалады.
Жасұлан Түсіпбеков, «Ақши» халық театрының көркемдік жетекшісі:
- Бұл шығармада айтылатын ой қойылымда адамдарда оң қол, сол қол болады ғой. Әр адам өзі біледі. алам ба, алмаймын ба. Бұл шешім адамның өзінде. Сол қол арқылы бүгінгі көрерменге жеткізгім келді.
Әсел Салық, Т.Молдағалиев атындағы жастар драма театрының актрисасы:
- Бүгінгі қойылым өте керемет.Режисердің қолтаңбасы өте қатты ұнады. Актерлардің ролджі сомдағаны, жеткізгені. Скл «Ойландыратын шығарма. Сая Қасымбек деген өзіміздің қазағымыздың қаракөз қызы жазған екен. Осындай дүниялар көп болса жастарымызды тәрбиелейтін,
Адамды қылмыс жасамауға, адал болуға шақыратын мазмұны терең қойылым енді облыстың өзге аудандарында да сахналанады.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аманжол Жөнкешов