Тараздық оқушыларға Президент сыйлығы табысталды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласының дарынды оқушылары Президент сыйлығына ие болды, деп хабарлайды 24KZ.
Солардың бірі – №8 гимназияның оқушысы Сенім Мұхамедалиева. Ол қазір 6-сыныпта оқиды. «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында 1-ші орынды алған. Сонымен қатар шахматтан ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды. Қазір робототехникамен айналысады.