Шымкентте 25 мыңға жуық халқы бар ауданға газ беріледі
Шымкентте 25 мыңға жуық халқы бар Ынтымақ шағын ауданына биыл газ беріледі.
Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге қарастырылған. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Парламент Сенатының депутаттары жаңа ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстарымен танысып, тұрғындардың талап тілегін тыңдады. Елді мекенде су, жол және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер де бар. Халық саны жыл санап өсіп жатыр. Салаға жауаптылар инфрақұрылымдық жүйелерді кезең-кезеңімен тартып, абоненттің өсу қарқынын да есепке алып отырғанын айтады. Биыл жаңа емхана пайдалануға беріліп, жаңа мектептің құрылысын бастау жоспары бар.
Ұлжалғас Сүгірова, шағын аудан тұрғыны:
- Жолдарымыз асфальттелмеген. Әлі тас. Соның үстіне құм төгіп, үйіліп кетеді. Сонымен батпақ болады. Кешегі суықтарда жаңбырда балдар жүріп болмайды.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл өзі басында кішкентай шағын аудан болып құрылым қазір Ынтымақ-1, Ынтымақ-2 деп халық көбейіп жатыр. Бірден өсіп кеткен шағын аудан болғаннан кейін басында инфрақұрылымдық мәселелер туындады. Қазіргі таңда жол мәселесі толықтай шешімін табатын болады. Газдандыру мәселесі осы жылдың аяғына дейін біз тұрғын Ынтымақта шешіледі. Оған 1,4 миллиард қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.