Ел барда, ер ұмытылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында біраз жайтты ақтарыла айтты.

Соның ішінде қос батырдың 100 жылдығын да атап өтті. Қос батыр – бір жылдың түлегі. Құрдас. Әрі жерлес екен. Рахымжан Қошқарбаев осы Астананың түбіндегі Тайтөбе аулының бір шетіндегі қыстауда туса, Сағадат Нұрмағамбетов елордаға жақын Ақкөл ауданында дүниеге келген. Екеуі де халық қаһарманы. Бірі қазақтың тұңғыш қорғаныс министрі, екіншісі алғаш болып Рейхстагқа ту тіккен қазақ.

1942 жылы 18 жасқа толар толмастан әскерге алынған екі бозбала, бірі жаяу әскер бірі пулеметшілер оқуын оқиды. Артынан майданға аттанады.  Кеңес одағының батыры атанған  генерал Сағадат Нұрмағамбетұлы кейінгі бар ғұмырын әскери салаға арнады.

Марат Әбсемет, тарих ғылымдарының докторы:

-53 жыл әскер қатарында болды. Ғажап нәрсе. Әрі батыр халық қаһарманы  атағын алды ол кісі. Ең қиын 90 жылдары әскери құрылымын, қазақ әскерін жасады. Бұл сізге айтайын, Орынбордағы алғашқы қазақ әскерлері болған 20 жылдары. Оны председатель Үкімет басшысы Сәкен Сейфуллин алғашқы сол әскерилердің оқу орындарын ашқан. Сол түлектер кешегі Сағадаттар, Бауыржан Момышұлылар сол легімен келді деп ойлаймын.

Тәуелсіздігіміздің бастапқы қиын-қыстау жылдарында қазақстан республикасының алғашқы қорғаныс министрі ретінде еліміздің  қарулы күштерін қалыптастырып, нығайтуға өлшеусіз зор үлес қосты.  Бұл күні елдің барлық аймағында батырдың есімі берілген әскери мектептер мен оқу орындары бар.

Серік Негимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Мына ел тарихындағы айбынды батырлардың еңбегін ардақтау ұлықтау – жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу. Осы ретте Дәл 2024-ші жылы біздің Кеңес одағының батыры С. Нұрмағамбетов және халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың ерлік еңбегін тағыда халықтың жадында жаңғыртып, тағыда біздің жас ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуге шақырды. Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен. Оның Рейхстагқа ту тігетін де жөні бар еді.  Ол топжарған лидер болатын.

Ол Григорий Булатовпен бірге «Гиммлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі 350 метр жерді 7 жарым сағат жүріп өтіп, жеңіс туын желбіретті. Рейхстагқа ту тіккен сол жауынгер кеудесіне «Алтын жұлдыз» таққан жоқ. Халық қаһарманы атағы да өмірден озған соң соң берілді.

Биыл Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Соғыстан кейін де елдің дамуына зор  үлес қосқан даңқты батырлардың ерлігі ел есінде.

Авторлар: Зарина Кәп, Ақылбек Есімсейітов, Жандос Битабаров