2025 жылға дейін 9 су қоймасы салынады

Елде сусыз, орны ғана қалған тоғандар көп, деп хабарлайды 24KZ.

Қарау болмаған соң көпшілігі жойылып кетті. Енді егістік суармақ түгілі мал ішер су таппай қалдық. Көп аймақтың басындағы жағдай – бұл. Қазсушар мекемесі жергілікті билікке, ал аудан әкімі облысқа сілтейді. Сөйтіп, бастарын ала қашқан жұрт. Мәселені шешуді Президент те тапсырған. Каналдар мен тоғандар, су қоймаларына күтім болуға тиіс. 2025 жылға дейін 9 су қоймасы, 2030 жылға дейін 39 бөгет салу жоспары бар.

Елде су қоймасы, бөгет, канал – барлығын қосқанда 7 мыңдай гидротехникалық нысан бар екен. 5700-ден астамы республикалық баланста. Мыңға жуығы коммуналдық мекемелердің қарауында. Яғни, жергілікті әкімдіктерге тиесілі. Жекеменшікке берілгендері де бар. Оларды күтіп ұстауға сол мекемелер жауапты. Бұдан бөлек, қазір орны ғана қалған, бірақ жөндеуге келетін шағын тоғандар көп.