Ел аумағында күн аяз болады
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады.
Синоптиктер ел аумағында қар жауып, қарлы бұрқасын соғатынын, оның соңы аязға ұласатынын ескертті. Осылайша, батыс, солтүстік және орталық Қазақстанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін, шығыста 15-20 аяз градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікөңірлерде күн райы 5-15 градус аяз болады.
Мақпал Ботаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптик:
- Бүгін Ресейдің еуропалық бөлігінде айналып жүрген циклон демалыс күндері Сібірге кетіп, Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық енуді күшейтеді, бірінші батыста, содан кейін еліміздің басқа аудандарына ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, қарлы бұрқасын аязға ұласады.